ТикТок әлеуметтік желісінде өзінің басынан өткен жағдайды баяндаған тиктокер келіншек "өмірлеріңді құртпаңдар" деп үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
"Қыздар, келіншектер, сіздерден өтініп сұраймын. Отбасылы еркектерге жоламаңдар! Мың жерден сүйіп-күйіп тұрсаңдар да, отбасылы еркекке жоламаңдар. Отбасылы еркекпен ешқашан бақытты болмайсыңдар. Бекерге өмірлеріңді тас-талқан етіп, құртасыңдар.
Отбасылы еркек сені сүюі мүмкін. Бірақ сенімен бірге бола алмайды. Әйелін, бала-шағасын тастап, сенің жаныңа келіп, сенімен бірге өмір сүрмейді отбасылы еркек.
Ал ең бастысы, өзінің некелі әйеліне осындай сатқындық жасап, басқа әйелмен кездесіп жүрген еркектен ешқандай адами қасиет күтудің керегі жоқ. Нағыз еркек әйелі бола тұрып, басқа әйелге көз салмайды" деген келіншек өзгелерге сабақ болсын деп өзінің басынан өткен оқиғаны баяндап берді.