"Тоқалға кеткен күйеуімнің жазасын оңдырмай бердім" деген блогердің жазбасы қызу талқыға түсті

"Тоқалға кеткен күйеуімнің жазасын оңдырмай бердім" деген блогердің жазбасы қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде Әлия Нұр есімді желі қолданушының тоқал алып, жарты жолдан өзін тастап кеткен күйеуін сотқа беріп, бір миллионға жуық алимент төлетуге шешім шығартқаны қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.

"Мен бугін сотта ұттым. Куйеуім 850 мың теңге алимент төлейтін болды. 3жылға дейін ешқандай қайта қараусыз.

Екінші әйелі тұншығым қалмаса. Өзі бірінші бастады әйелі бала-шағасы бар еркекпен журген. 2үйді 2 машинаны алып,  айына 850 мың теңге алимент өндіріп отырмын.

Менде оған тұрмысқа шыққанда соқыр текесі де болмады енді сол екінші әйелімен қайтадан 0-ден бастасын.

Мені жылатып бір шетте жылап қалып кетеді деп ойлады ау. Кім ең соныңда жылайтынын көреміз әлі. Менің устімнен екінші әйел алу қандай болатынын көрсетем 

Оның бизнесі 650 мын аренда төлейді, коммуналдық шығынымен  барын қосқанда 1 миллионнан көп. Ол өзі айына таза шамамын 1 миллионның ар жағы бер жағын табады. Соның 850 мыңын маған берсе, 200 мындай екеуіне жететін шығар.
 
Менде жүрдім ғой қара нан қара шай ішіп кезінде. Әлде тоқал дайынға келіп, алтынды тағынып, шетелде шалқып қыдырып жүруі керек пе?" деп жазды Әлия Нұр. 
 
Әлия Нұрдың бұл жазбасын жұрт қолдап, "өте дұрыс жасапсың", "жоқшылықта қиындықты бірге тартып, тоқшылықта тоқалға секірген еркекті аямау керек", "тоқалдарға сабақ болсын, жұрттың дайындап қойған байлығына топ етіп түсуге әдеттенбесін" дегенге саятын пікір жазуда.  
 
 
 
 
 
 
 
Барлық жаңалықтар