Тоқтар Серік Мейрамбек Бесбаев пен Сәкен Майғазиевпен қарым-қатынасы туралы ашық айтты

Тоқтар Серік Мейрамбек Бесбаев пен Сәкен Майғазиевпен қарым-қатынасы туралы ашық айтты

Оның сөзінше, бұл достары оған туыстай болып кеткен және сондықтан да олармен құда болғысы келмейді.

«Мейрамбекті досым емес, ағайынымдай жақсы көремін. Онымен егіздей болып өстік. Егер ертең балалары жарасып, қыз-жігіт болып, құда болайық десе, мен үшін бұл үлкен күйзеліс болар еді. Себебі мен оны ешқашан жамандыққа қимаймын. Ол менің жан-дүниемнің бір бөлігіне айналып кеткен», – деді әнші.

Серік Тоқтар сондай-ақ Сәкен Майғазиевпен де балалық шағынан араласып келе жатқанын айтып, оларды туысынан артық бағалайтынын жеткізді.

«Сәкенмен де бірге өстік. Егер балаларымыз арасында сезім пайда болса, әрине, қуанамын. Бірақ бұл мүмкін емес нәрсе сияқты. Мен оларды туысымдай көремін. Олар үшін отқа да, суға да түсуге дайынмын. Қазақта өкпе деген қиын дүние ғой, құда болайық деп, болмашы нәрсеге ренжісіп қалсақ, одан асқан ауыр нәрсе жоқ. Сол себепті достарыммен дос болып қала бергім келеді», – деді ол.

Барлық жаңалықтар