"Тоқтаттық" деген "Жаңбыр адам" мәлімдеме жасады

"Тоқтаттық" деген "Жаңбыр адам" мәлімдеме жасады

"Жаңбыр адам" атанған Алтай Айнабек мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: "Қазақстанның қуаңшылықтан зардап шегіп отырған облыстары тұрғындарынан тынымсыз шақыртулар келуде. Ауызы күйген үрлеп ішеді, дегендей, биыл Түркістан облысының шаруаларын қуаңшылықтан шығаруға ынталанғанымда, кейбір «шаштың орнына бас кесерлер» көмектесудің орнына шаруалар арасына іріткі салған соң, «қой, тыныштық керек» деп тоқтаттық. «Үкіметтің әрдайым бір оғы артық» дегендей, елге көмектесеміз деп жүргенде, Алмасбекті сияқты «қораға» тығып жібермесін, аш құлақтан тыныш құлақ, деп, үкіметтен қолдау күтудеміз. P.S. Мен барлығы бір нәрсені ұғынса екен деймін, Алтай ешкімге жау емес, ешкімның тонын шешіп алып жатқан жоқ. Жәй ғана, жылдап үй бетін көрмей халық қолдауымен инновацияны дамыту жолында жүрген қазақ" деп жазды Алтай Айнабек. Фото интернеттен.
Барлық жаңалықтар