Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова екі күннен бері мұғалімдерді мазалаған сұрақтарға жауап беріп, арнайы мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялаған министр: "Екі күннен бері мұғалімнің біліктілігінің тестін тапсырмау туралы талқылап жатсыздар. Сіздер жазған пікірлерді мүмкіндігінше, уақытым болған сәтте қарап шықтым.
Бірнеше сұрақтар бойынша өзім жауап берейін деп шештім. Біріншіден, тест тапсыру уақытша тоқтату емес. Енді кәдімгідей педагогикалық қоғамдастықта жұмыс істеп жүрген ұстаздарымыз пәндік, өзінің біліктілік тестін тапсырмайды. Бұл тестті біз алып тастадық.
Бірақ бұл тестті педагогикаға алғаш рет қадам басып жатқандар, университет түлектері тапсырады. Өйткені олар мамандыққа енді ғана келп жатыр. Олардың білім деңгейін біз білуіміз керек.
Одан кейін кім тапсырады? Осы жаңа ұстаздар екі жылдан кейін модератор деңгейіне аттестацияға қадам басар кезде ОЗП тапсырады.
Ал қалған ұстаздар білктілік тестін тапсырмайды. Педагог біліктілік тесті жалпы аттестацияға ешқандай байланысы болмайды.
Екіншіден, жалпы, бұған дейін тапсырған 51 педагог бар. Шекті балын жинаған. Ол педагогтар тапсыратын кезеңімен өзінің барлық, бүгінгі таңда көрсетіліп тұрған аттестациядағы кезеңдерді тапсырады. Қыркүйектен бастап сол өткендер өзінің жалақысына үстемесін алатын болады.
Үшіншіден, енді портфолионы жинақтау электронды түрде болады. Сіз енді бұрынғыдай әркімнен қол жинап, қағаз портфолио жинап жүрмейсіз.
Авторлық бағдарлама да тоқтатылады. Енді авторлық бағдарлама жазудың,ұсынудың қажеті жоқ", министр Жұлдыз Сүлейменова.