Төреғали Төреәлі халықтан кешірім сұрап, ән шырқады (ВИДЕО)

Төреғали Төреәлі халықтан кешірім сұрап, ән шырқады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желідегі парақшасында "Болды, бітті" деген жазбасынан кейін әнші Төреғалидың тағы бір видеосы ТикТок желісін шарлап кетті деп жазады Democrat.kz.

"Періште емеспін, алланың пендесімін

Адамның жерлесімін

Қателіктерім үшін қазағымнан

Сұраймын мен кешірім" деп әндеткен Төреғалидың видеосы тыңдарманын тебірентіп жіберді. 

"Сен адам өлтіретін қылмыс жасамадың ғой, арамызда аман-есен шауып жүре берші", "менің сүйікті әншімсің, сахнадан кетпе", "сенің арқаң бар, ән айта беруің керек", "кешірім сұрайтын күнә жасамадың", "не болса да, кешіреміз ғой деген сыңайда жұрт пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар