Төреғали Төреәлінің қарындасы ұстаз атанбақ

Төреғали Төреәлінің қарындасы ұстаз атанбақ

Желі жұлдызы жеке парақшасында жаңа салаға бет бұрып жатқанын көрсетті. 

 

Түсім бе, өңім бе деп сене алар емеспін. Тұла бойымды қуаныш та, толқу сезімдері де кернеп барады. Жүрегім ілімге шөлдеді. Ал мен бұлақтың бастауына бет алдым. Илаһиятқа түстім. Алланың жолында ілім алу – менің үлкен арманым еді. Раббым осында Өзі алып келді, өзі нәсіп етті. Жауапкершілік үлкен. Әр адамның өз жолы бар. Мен өзімді түрлі бағытта көрдім, жүрегімнің қалауын іздедім. Менің жолым руханият екенін сезінемін, сеземін. Алла қалауымен екі өміріме азық болатын терең білімді алып, өзіме ғана емес, қауымға да пайда бергім келеді. Ниетімді күн сайын жаңалап, Алла арманымдағы білім жолын нәсіп еткенін сезінген сайын көзіме жас аламын. Оқу арабша және түрік тілдерінде болмақ. Фариза ұстаз болып ғана қоймай, бірнеше тілдерді жетік меңгеретінімді ойлап шабытым арта түседі. Алла зейінімізді ашсын!” – деп жазды блогер. 

Барлық жаңалықтар