ТикТок әлеуметтік желісінде көп әйелдерге психологиялық көмек беріп жүрген психолог Әсел отбасылы еркекпен жүретін қыз-келіншектерге үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
"Отбасылы, бала-шағасы бар еркекпен көңіл жарастырып жүрген қыз-келіншектер! Біреудің ресми некедегі күйеуін "менікі болсын, жанымда болсын" деген ақымақтық жасамаңдаршы!
Ол еркекті әу бастан 2-3 сағаттық көңіл тоятымен ұстадыңыздар. Өздеріңіз соған, яғни уақытша ғана пайдалануға рұқсат бердіңіздер. Сөйтесіздер де, біраз уақыт өткен соң, "неге ол үнемі менің қасымда болмайды? Неге мен хабарлассам, "үйдемін" деп сөйлеспейді?" деп ренжисіздер.
Ол еркекті сіз төсекпен ұстадыңыз. Соған келістіңіз. Сөйтесіз де, кейін ол еркек сіздің жаныңызда болуын талап ете бастайсыз.
Тоқалдар, отбасылы еркек өз әйелінен ала алмағанды сізден алып жүр. Себебі ол еркектің әйелі туыстары мен ата-енесінің, бала-шағасының жағдайын жасап жүріп, күйеуіне уақыт бөлуге шамасы келмей жүр.
Тоқалдар, сізді шын сүйсе, еркек ешбір себепсіз сізге келіп, сізді алады. Егер бірінші әйелінен кете алмаса, демек, ол еркек өз әйелін сүйеді.
Сондай бірінші әйел болғыңыз келсе, басы бос, әйелі жоқ еркекпен жүріңіздер, сонда ғана еркек үнемі қасыңызда болады", - деді психолог.