"Тозақтағы аруақ тірілерге ескерту жасады" дейді Сейдалы ақсақал

"Тозақтағы аруақ тірілерге ескерту жасады" дейді Сейдалы ақсақал

Әлеуметтік желіде о дүниеден хабар алдым деген Сейдалы ақсақал "тозақтағы рухтардың" аманатын жеткізуді мақсат еткенін айтып, ескерту жасады деп жазады Democrat.kz.

Тозақтан жеткен хабарды халыққа естірту үшін арнайы видео түсіріп отырғанын айтқан Сейдалы ақсақал:

"Школа магияда" оқып жүріп, Алматыдағы зиратта аруақпен тілдесуге тапсырма алдым. 

Зиратта отырып, "ритуалын" жасап, аруақты шақырғанымда, әр тұстан мысықтың көзі сияқты жарықтар жылтылдап шыға бастады. 

Бір кезде сұр түсті субстанция келді. Сол маған "мына жерден кете алмай жүрмін. Бір кішкентай қызды зорлап, күнаға баттым. Жаным мына моладан алыстай алмай әлі жүр. Тірі адамдарға айтар аманатым бар. 

Жер бетінде күнә жасаса, мен сияқты көкке көтеріле алмай, жаны қиналады, соны айтыңызшы"деді. 

Сол кезде дұға жасап, Алладан "мына кісінің күнәсін кешіріңізші" деп жалындым. Кенет жоғарыдан жарық түсіп, әлгі рухты жоғарыға алып кетті" деген ол жер бетінде күнә жасағандар көп қиындық көретінін ескертті. 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар