АҚШ президенті Дональд Трампты өзінің биологиялық әкесі деп санайтын түркиялық әйел Иранда басталған соғысты өзімен тікелей байланыстырып, мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.
АҚШ президенті Дональд Трампты өзінің биологиялық әкесі деп мәлімдеген түрік әйел Неджла Озмен Иранда басталған соғыс өзінің мәлімдемесінен кейін болғанын айтады.
Әйелдің айтуынша, американдық көшбасшы "оның мәселесін күн тәртібінен шығаруға" тырысуда. "Менің әкем Иранға қарсы соғыс бастады. Менің ойымша, ол мені ұмытып кетуге тырысуда", - деді Озмен әлеуметтік желілерде жариялаған видеода.
Ол сондай-ақ Иранды қолдайтынын мәлімдеді және "биологиялық әкесі" Трампты басқа мемлекеттердің істеріне араласпауға шақырды.