АҚШ президенті Дональд Трамп өзге ғаламшарлық және жерден тыс өмірге қатысты үкіметтік құжаттарды жария ететінен мәлімдеді, деп хабарлайды Democrat.kz.сайты Orda.kz.-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы президент өзінің Truth Social әлеуметтік желісіне жазды.
«Осы мәселеге деген қызығушылыққа байланысты мен Қорғаныс министріне және басқа да тиісті ведомстволар мен агенттіктерге бөгдеғаламдық және жерден тыс өмірге, анықталмаған әуе құбылыстарына, анықталмаған ұшатын нысандарға, сондай-ақ осы аса күрделі, бірақ өте қызықты әрі маңызды мәселелерге қатысты кез келген өзге ақпаратқа байланысты үкіметтік құжаттарды анықтау және оларды құпиясыздандыру (құпия мәртебесін алып тастау) процесін бастауды тапсырамын» деп жазды Трамп.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама өзгеғаламшарлықтар бар деп сенетінін айтқан болатын.