Трамп Ресейдің сау-тамтығын қалдырмайды: Трамптың ашуға мінетін уақыты жақын

Трамп Ресейдің сау-тамтығын қалдырмайды: Трамптың ашуға мінетін уақыты жақын

Белгілі сарапшы Қуаныш Еділхантегі өзінің парақшасында Украина журналисі Лариса Волошинаның Трамп туралы пікірін талдап, қазақ тіліне аударып, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

Сұхбатқа аударма жасаған саяси сарапшы Қуаныш Еділхантегі ең маңызды тұстарына тоқталғанын айтады.

"Трамп соңғы кезде Путинге қарсы қатты-қатты пікірлер айта бастады. Бұл не - тенденция ма әлде кезекті "американдық горки" ме? деген тілшінің сұрағына Лариса Волошина:  

"Дегенмен де Трамп өзгерген жоқ, сол өзінің бұрынғы күйінде. Өзінің мінез-құлқының ерекшелігі, яғни нарциссизмі салдарынан ол әрқашан да керемет, алдыңғы қатардағы, барлық уақытта тек жеңімпаз болып көрінгісі келеді.

Иранда болған оқиғада ол жалғыз жеңімпаз рөліне енді, өйткені бункерлік бомба тек қана АҚШ-та бар, соның арқасында ол Иранды талқандап жеңімпаз атанды. Израиль екінші планға ысырылды.

Трамп өзінің аса ауқымды, кереметтігін сезіну сезімінен әлі айыға алмай жүр, өйткені әлем Трамптың бұл шешіміне (Иранды бомбалауына) таң қалып оны қолпаштауда. Бұрын ол өзін үнемі "изгой" сезініп келген еді. Енді бүкіл әлемнің оны қолдауы Трампты қанаттандырып жіберді.

Естеріңізде ме, ол бірінші каденциясы кезінде НАТО-да Еуропа елдерінің қорғанысқа шығынын 5%-ке көтеру туралы мәселені алғашқы болып қозғаған еді. "Солтүстік ағым" құбырын пайдалануды тоқтата тұру туралы да мәселені сол қозғаған.

Оның Меркельге: "Өздерің Ресейді жамандайсыңдар да, газын сатып алып оған ақша құясыңдар, бұл қалай?"- дегені бар. Бірақ сол сәтте Трамптың ұсыныстары күлкілі болып көрінді. Еуропа дипломаттары оған мысқылдай қарады.

Трамп екінші каденциясын "Мен кезінде дұрыс айтып едім" - деп бастады, соны дәлелдеуге тырысты. "Солтүстік ағымды мен жап деп едім. РФ қауіпті деп мен айтып едім. Егер мен президент болғанда бұл соғыс ешқашан болмаған болар еді" - деді.

Сөйтіп ол өзінің сөздерінің дұрыстығын дәлелдей бастады. Кезінде скептикалық пікірде болғандар Трампты "изгойлар" қатарына қосты. Сол сәтте тек Путин ғана онымен толық келісетіндігін білдіріп, аяушылық білдірді.

"Көріп тұрсыз ба, бұлар мені де, сізді де "изгой" санап, ешкіммен сөйлестірмей изоляция жасап тастады. Кезінде Гитлерді бірлесіп жеңіп едік, енді бұлар бәрі бірігіп сол Гитлердің жанашырына айналды" - деп құбылтты.

Трамп біртіндеп: "Еуропа мені алдап кетті. Бұлар мені шетке шығарып тастады, Еуропалық саяси элита мені шетке ысырды. Бұлар Путин екеумізден жеңісті ұрлап әкетті" деген сезімде болды. Яғни Путинмен екіарада қандай да бір мұңдас ішкі сезім пайда болды. 

Енді қазір, Трамп Иранда жеңіске жеткеннен кейін, барлығы Трампты мақтай бастады: Мерц те, Макрон да, G7 мүшелері де. Олар: "Трамп, сен кереметсің! Сенде керемет бомба бар. Сен жеңбегенде, кім жеңсін Иранды.

Бірақ... мына Путин деген сенің жеңісіңді мойындамайды! Дональд, ол сені сыйламайды, сенің айтқаныңа қарамастан ол Украинада бейбіт қалаларды, халықты бомбалауын қояр емес. Бұл сенің репутацияңды түсіруге жұмыстанып жүр" - деп , біресе Мерц, біресе Стубб, біресе Макрон... бәрі кезекпен Трамптың құлағына құя берді.

Мысалы Гаагадағы кешкі ас кезінде 4 елдің министрлері тілшілерге сұхбат берген, онда Польша СІМ Сикорский: Путин Трампты масқараға ұшыратып жүр - келіссөз жүріп жатқанда ол бейбіт Украина қалаларын бомбалауды қояр емес, бұл Трампқа репутациялық шығын әкеледі" - деген.

Ол әлемдік БАҚ-тарда жарияланған. Бұған Рубио: мұндай нәрсе жазасыз қалмауы тиіс. Ол (Путин) Трамптың беделін пайдаланып жүр, маған салса мен санкцияны дереу іске қосар едім деген. Бұл сөз де әлемдік БАҚ-тарда бірден жарияланды.

Мұның бәріне қосымша Мелони: Иранмен дұрыс жасадың, бәрі тамаша, бірақ мына Путин... сенімен достығын пайдаланып сенің жеңісіңді ұрлап алғысы келеді, Украинаны жеңсе жеңіс сонікі болып шығады дейді.

Мұның бәрі классикалық вербовкаға ұқсайды. Жалпы агентті вербовка жасау қалай жүреді? Ол келіп бір адамға пәленше кг ақша ұсынып маған отаныңды сат демейді, басқаша жүреді.

Мысалы адамға алдымен көптеген проблема туғызады - кәшөлөгін жоғалтып алады, оған кредит бермейді, т.с.с. Оның айналасында жүрген жалдаушылар келіп оған: сен керемет адамсың, данасың, бәрін жеңесің, саған проблема туғызып жүрген адамсымақтардан сен жоғарысың, т.с.с. дейді.

Әлгі адам ойлана бастайды, егер дана болсам неге маған олар проблема туғыза береді? Мен де лузер болғаным ғой онда? Неге мен оларды мойныма мінгіземін? Неге олар мені "изгой" атандыру керек? Адамды осылайша қақпақылдай отырып ақыры оны шешім алуға мәжбүрлейді. Манындағылар мен де сондаймын дейді.

Егер көмек керек болса бізде құпия орган бар, сол көмектеседі. Әлгі адам енді сол ұйымға кіргісі келеді. Мысалы Путин оны сондай "изгойлар" ұйымына кіргізген есеп. Енді кері вербовка жасалып жатыр. Трамп ойлайды: егер соншама дана болсам неге мені олар пайдалануы керек, әділдік қайда?

Дугин былай деп келді - мына еурофашистер бізді "изгойй қылып, өздері Гитлерге көмектесті, бізден, яғни АҚШ пен РФ-дан жеңісті ұрлап алды, т.с.с. Путиннің Трампты вербовка жасағаны айқын көрініп тұрды.

Путинмен әрбір сөйлескен сайын Трамптың басы айналып қалғанын бәріміз де көріп отырдық, ол ориентирден жаңылысты. Трамп сияқты адамдар шын көңілмен оның нағыз достары осы жасырын клубтағылар деп есептейді (Путин, Дугин, т.с.с.).

Енді Иранды жеңгеннен кейін әлгі клубтағылар оны қолдамай, керісінше басқа саясаткерлер қолпаштап жатыр, бұл Трампты ойлантып тастады. Бұл қалай болғаны? Ядрлолық қару кез-келген молданың қолында болуы тиіс емес қой? Соны да түсінбегені ме?

Сөйтіп Трамптың басында басқаша ойлар қалыптаса бастады, күдік пайда болды. Ол Путинмен ашықтан-ашық сөйлескісі келді. БАӘ сылтауратып алғаш рет Путинге Стамбұлға келуге ұсыныс жасады, сонда екі-үш күн Путиннің не дерін күтіп жүрді, ақырында ол келмей Мединскийді жіберген соң еліне қайтып кетті.

Енді Путинге Трамппен достығын дәлелдеуі керек: мен алдаған жоқпын, біздер бір клубтың мүшелеріміз, туысқандай болып кеттік, т.с.с. Ал еуропа саясаткерлері жәйменен, кезекпен, жоспарлы түрде, білдіртпей отқа жәйлап май құйып қояды - Дональд, Путин сенің досың ғой, оған айтсайшы, бейбіт тұрғын кварталдарды атқылауды тоқтатсын егер дос екендігі рас болса. Міне, осыны Путин жасай алмайды. Мысалы бір алаяқтар инвесторлардың ақшаларын алдап алып, анау салып жатырмын, мынаны салдым дейді делік. Белгілі бір уақыт өте келе әлгі инвестор: бәрі дұрыс қой, әлемі картина екен, давай енді осыны тексерейік дейді ғой. Дәл кәзір Трамп та сол кезеңді бастан өткеріп жатыр, ол Путинді тексеріп жатыр - егер анық дос екенің рас болса, кәне, көрейік дейді.

Трамп күдіктеніп бастады - осы Путин өз экономикасының қандай екенін білмей ме? Жағдайы тым қиын екенін мүмкін білмейтін де шығар, әйтпесе несіне бұлданады? Неге ол менің ұсыныстарымды қабылдамайды? Ал басқалар айтып жатыр - қабылдамайды, өйткені ол лузер, соны да түсінбейсің бе дейді.

Трамп қазірдің өзінде Еуропаға қысым жасауды тоқтатты. Ресейге әлі қысым жасай қойған жоқ, бірақ ойлану үстінде. Путин Украинаны жеңем деп ойлайды, сондай жағдайда жеңіс тек Путиндікі болып шығады, яғни АҚШ-тың осы кезге дейінгі көмегі нөл болады.

Бұған Трамп жол бермеуі тиіс. Тісқаққан еуропалық саясаткерлер де Трамптың құлағына осыны сыбырлап жүр - ол сенің беделіңді пайдаланып жеңісті жеке иеленгісі келеді, кейін сені лақтырып кетеді, т.с.с.

Тілші: Байқауымша Трамп соңғы кездері Путинге қатты айта бастады. Мысалы Путин Иран-Израиль арасына араағайындық болғысы келгенде Трамп оған: алдымен сен өз проблемаңды шешіп ал деді және соны бірнеше жерде қайталады, сөйтіп Путинді жер қылды.

Лариса Волошина: Міне соны айтып отырмын ғой, ол Путинге сен алдымен өзіңнің адал дос екеніңді, мені пайдаланып жүрмегендігіңді дәлелде дегендегісі. Өйткені басқалар айтып жатыр: ол сені пайдаланып жүр, егер дос екені рас болса сонысын дәлелдесін. Сен жеңімпазсың, ал ол бейбіт тұрғындарды атқылау арқылы сенің беделіңе нұқсан келтіріп жатыр.

Ердоған кешегі НАТО саммитінде тағы ұсыныс жасады: үш жақты кездесу ұйымдастырайын - Сіз, Путин және Зеленский. Оңаша келісімге келіңдер. Оған Трамп мен дайынмын деді. Яғни Трамп екінші рет Путинді Стамбұлда кездесуге шақырып отыр. Ал Путин не деді? Ойланып-ойланып ақыры Мединскийді жіберетін болды.

Әлемдегі ең ірі державаның президенті екінші рет Путинді кездесуге шақырады, ал қайдағы бір Мединский дегенді жібереді?! Трамп кәзір тексеру стадиясында жүр, бірақ ашуына мінуге жақын. Путин кездесуге неге келе алмайды? Өйткені оның Трампқа айтар жауабы жоқ. Армиясы жеңіліп жатыр, экономикасы звездец, не дейді сонда?

Ал Трамп болса аң-таң. Оның неге АҚШ ұсынған ұсыныстарды қабылдамайтын түсіне алар емес - почти Қырымды Ресейдік деп мойындауға шақ қалды, басқа да біраз уступкаға барды, бұл аз емес. Сонда бұлар не дейді?

Міне, осының бәрі перевербовка деп аталады. Олар өзара келісе отырып әдемі жоспармен қақпақылдап Трампты өз қораларына кіргізуге таяу.

Тілші: Медведевке айтқаны осы арнада ма сонда?

Лариса Волошина: Иә, Трамп күдіктене бастады Ресейден. Ол Медведевке қатаң айтты: мен осы дұрыс естідім бе, ол бізді қорқытып отыр ма сонда? Дұрыстап тексеріңдерші не айтқанын (артынан Медведев бұтына ты...п қойып Трамптан кешірім сұрады, дұрыс түсінбепсіз, біз ешқашан ядролық қаруды ешкімге де қарсы қолданбаймыз деді)" деп жазады өзінің аудармасында Қуаныш Еділхантегі. 

"Әзірге осымен тоқтатайық. Қазір Трамп тексеру стадиясында. Ашуға мінетін уақыты жақын. Ол ашуланса Ресейдің сау-тамтығы қалмайды. Еуропа дипломаттарына одан әрі табыс тілеймін - Трампты өз жақтарыңа шығара алсаңыздар шаруаның толықтай шешілгені" деп түйіндейді Қуаныш Еділхантегі.

Барлық жаңалықтар