Трамп үш көмекшісіне 45 мың доллардан қолма-қол ақша сыйлаған: Ақ үй түсініктеме берді

Трамп үш көмекшісіне 45 мың доллардан қолма-қол ақша сыйлаған: Ақ үй түсініктеме берді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдегі үш жақын қызметкеріне әрқайсысына 45 мың доллардан жеке қаражатын сыйға берген. Ерекше көлемдегі ақшалай сыйлық Вашингтонда мемлекеттік қызмет этикасына қатысты пікірталас туғызды, деп жазады Democrat.kz.

Ақ үй жариялаған қаржылық декларациялар Дональд Трамптың 2025 жылы бірнеше жақын көмекшісіне ірі көлемде ақшалай сыйлық бергенін көрсетті.

Президенттің көмекшісі Натали Харп, коммуникациялар жөніндегі кеңесші Марго Мартин және Сопақ кабинет операциялары директорының орынбасары Чемберлен Харрис әрқайсысы 45 мың доллар алған.

Құжаттарда төлемдер мерекелік ақшалай сыйлық ретінде көрсетілген.

Тағы бір жақын қызметкер Уолт Наутаға 20 мың доллар берілген.

Оқиға бірқатар этика мамандарының сұрағын туғызды. АҚШ-та мемлекеттік қызметкерлерге қызметтік жалақыдан бөлек қосымша сыйақы төлеуге қатысты қатаң шектеулер бар.

Ақ үй өкілі бұл қаражат Трамптың жеке ақшасынан берілгенін және қызметкерлердің ресми міндеттерін орындағаны үшін төленбегенін мәлімдеді. Әкімшілік сыйлықтар қолданыстағы этикалық талаптарға қайшы емес деген позиция ұстанып отыр.

Reuters дерегінше, мұндай көлемдегі президенттік жеке сыйлықтар Ақ үй қызметкерлері үшін әдеттегі жағдай емес және сол себепті мәселе АҚШ-та қызу талқылана бастады. 

Барлық жаңалықтар