Танымал коуч Бақытбай Сабырбек әлеуметтік желілерде тағы да қызу талқының өзегіне айналды. Бұл жолы көпшіліктің назарын оның той үстіндегі әрекеті аударды, деп жазады Democrat.kz.
Instagram желісінде тараған видеода Бақытбай Сабырбектің тойда жұбайына торттың алғашқы бөлігін өзі ұсынғаны көрінеді. Желі қолданушылары мұны ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластықтың белгісі деп бағаласа, енді бірі дәл осы сәттен кейін оның жұбайының келбетіне ерекше назар аударған.
Пікір қалдырғандардың басым бөлігі әйелінің Бақытбай Сабырбекке қатты ұқсайтынын жазып, түрлі әзіл-оспақ пікірлер қалдырған.
«Өзіне ұқсайды екен», «Тіпті аға-қарындас сияқты көрінеді», «Екеуінің түр-бейнесі қатты ұқсас екен», «Көздері де, жүздері де бір-біріне келеді екен», "туған қарындасы ма?" деген сарындағы пікірлер әлеуметтік желіде көптеп жазылуда.
Сонымен қатар кейбір оқырмандар сырт келбеттегі ұқсастықтың қалыпты құбылыс екенін айтып, ұзақ жыл бірге тұрған жұбайлардың бір-біріне ұқсап кететіні туралы пікір білдірді.
Әзірге Бақытбай Сабырбек те, оның жұбайы да желідегі бұл пікірлерге қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.