Оқу жылының бітуіне санаулы күн қалғанда, қазақстандық кей мұғалімдер түкке қажеті жоқ, сауатсыз құрастырылған сауалнама толтыру басталғанын айтып, министр Жұлдыз Сүлейменоваға шағымдануда деп жазады Democrat.kz.
Threads әлеуметтік желісінде мектеп мұғалімі: "Мына гугл форманы мұғалімдер толтырсын деп мектептерге жоғарыдан түсіріпті.
Ашық сұрақтың біреуіне де жауап беру мүмкін емес- “басқа”(нақтылаңыз)дегенді таңдағанда ештеңе ашылмайды.
2. Соңғы сұрақта тіпті таңдау мүмкіндігі жоқ қазақ тілінде. 3.Орыс тілінде Другое- Уточните дейді, бірақ сөйлемді енгізу мүмкіндігі жоқ.
Сонда ортада бір бөлім басшысы ашып қарамаған ба?! Сіз өзіңіз ғалым-ұстаз, PHDсіз, бұл сауаланаманың тазалағына, нәтижесіне сенесіз бе?
Но самое главное, дело не только в самой Гугл форме, а в её содержании. Эти вопросы, а точнее предложенные варианты ответов, не отображают ничего.
Мы живем в другиях реалиях школы. Например, вопрос Насколько Вы готовы к прохождению навыково-ориентированного тестирования? И ответы : готова, полностью готова, не готова и тд. Дело ведь не в готовности, а в том, что в этих тестах?
Пока в вашем ведомстве, в Управлениях образования будут заниматься просто пересылкой почты, не вникая в суть- реформы будут существовать только на бумаге" деп, Оқу ағарту министріне шағымын жеткізді.
Жазба авторын қолдаған әріптестері:
"Дұрыс айтасыз,өтірік бір нәрсені жібере салады отырады ойбай өтіңдер деп.Қазақ тілінде неге жоқ сауалнама,бізге қазақ тілінде жоқ деп айтты.Білім министрлігі дейді бұларды.Мектепті жанын шығарып әр әріпін тексергенде сондай".
"Қажеті жоқ өтірік сауалнамалар тек статистика үшін саны ғана қажет" дегенге саятын пікірлер жазуда.


