Танымал журналист, қоғам белсендісі Айгүл Болатханқызы әлеуметтік желілердегі кей қыздардың сорақ әрекеттері туралы жазба жариялап, дабыл қақты деп жазады Democrat.kz.
"Ақтөбеде мектеп оқушысы босанды бла-бла дегенді жазып отырсыңдар ғой иә… Ал сендер түннің бір уағында “Тик-токтың” тікелей эфиріне хиджаб киген соплячка қыздардың мауығып, үздігіп, ыңырсып, мияулап сөйлеп отыратындарын көріңдер.
Қайсысыңның қызың, жерлесің бұлар, әдейі аңдып қараңдаршы. Ыңырсып үздігіп түн күзетіп тікелей эфирге шығатын қара орамалдылардың күндіз не істейтінін құдай білсін.
Уыздай қыздардың неге қара орамалға әуес екеніне таңғалдым. Зерттеп көрмек болдым, шынымды айтайын, жиіркендім. Анандай қыздың барынан жоғы. Еркектермен тікелей эфирде отырады. Күнде, күнара!
Сабағы қайда, оқу бітірген жас маман шығар, ертесі жұмысын қалай істейді? Қара құзғындай ғып қатарына қосып хиджабкүлдерді көбейтіп жатқандар кім? Шешесі қайда қарап отыр бұлардың?"деп жазды Айгүл Болатханқызы.