Түнде көше кезген баласы үшін ата-аналар айыппұл арқалауда

Түнде көше кезген баласы үшін ата-аналар айыппұл арқалауда

2026 жылдың басынан бастап Қазақстанда балалары түнде үйден тыс жерде жүрген 22 мыңнан астам ата-анаға айыппұл салынған деп хабарлайды Democrat.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігінің таратқан деректерінде қазіргі уақытта ішкі істер органдарының есебінде 2,9 мыңнан астам жасөспірім, сондай-ақ бала тәрбиесіндегі міндеттерін орындамайтын 6 мыңнан астам ата-ана тұр.

«Алдын алу шараларына ерекше көңіл бөлінуде. Әр мектепке учаскелік инспекторлар, ювеналды және криминалдық полиция қызметкерлері бекітілген — барлығы 8 мыңға жуық маман жұмылдырылды», — деп нақтылады ведомство өкілдері.

ІІМ мәліметінше, мектептерде құқық бұзушылықтың алдын алуға және өскелең ұрпақтың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған арнайы сабақтар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Ата-аналардан бөлек, полицейлер ойын-сауық мекемелерінің иелерін де жауапқа тартуда. Жыл басынан бері түнде мекеме ішінде кәмелетке толмағандардың болуына жол берген 685 меншік иесі жауапкершілікке тартылған.

Барлық жаңалықтар