Түрік алдап кетті: "Мисс Қазақстан" халықтан көмек сұрап, үндеу жасады

Түрік алдап кетті: "Мисс Қазақстан" халықтан көмек сұрап, үндеу жасады

"Солтүстіктің аруы" атағын иеленген Гүлнар әлеуметтік желідегі парақшасында халықтан көмек сұрап, үндеу жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Қазіргі кезде салық есептерін тапсыратын уақытта қиын жағдайға тап болдым. Осыған дейін жеке кәсіппен айналысқанымды білесіздер. 

Бәрі дұрыс еді. Мені шетелдік түрік азаматы "бірге бизнес жасайық" деп қақпанына түсірді. Мен оны тіпті "ресми жұмыс істейді" деп фирмама тіркеген едім. 

Сол түрік мені үлкен сомадағы ақшаға лақтырып кетті. Соның кесірінен бүкіл алтынымды ломбардқа өткіздім. Отбасымнан ажырасып, көп ауырғанымды білесіздер. 

Қазір өте ауыр жағдайда жүрмін. Қолдан келсе, маған көмек беріңіздерші" деген ару қыз банк реквизиттерін көрсетті. 

Барлық жаңалықтар