Түркістан облысы: 2025 жылдағы денсаулық сақтау нәтижелері

Түркістан облысы: 2025 жылдағы денсаулық сақтау нәтижелері

2025 жылы Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған жүйелі шаралар жүзеге асырылып, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы айтарлықтай артты деп жазады Democrat.kz.

 

 Медико-демографиялық көрсеткіштер

• Орташа өмір сүру ұзақтығы 75,32 жасқа жетті

• Жалпы өлім-жітім 2,5%-ға төмендеп, 3,9 болды

• Ана өлімі 32,4%-ға азайып, 4,8-ге дейін төмендеді

• Нәресте өлімі — 8,6%, бала өлімі — 7,7% төмендеді

• Қатерлі ісік, жүрек-қан тамыр аурулары мен туберкулезден болатын өлім көрсеткіштері республикалық жоспарға толық сәйкес

 

Жоғары технологиялы медициналық көмек

• 15 орган трансплантациясы сәтті жасалды

(2 бауыр, 13 бүйрек)

• 60 күрделі жоғары технологиялы операция орындалды

 

Ана мен бала денсаулығы

• АПВ-ға қарсы вакцинация деңгейі — 86%

• 16 медициналық ұйым базасында «Даму және ерте араласу орталықтары» ашылды

• Балаларға арналған офтальмологиялық және сурдологиялық орталықтар іске қосылды

• Шалғай ауылдардан келген жүкті әйелдер үшін «Салауатты ана» пансионаттары жұмыс істейді

 

Кадрлық әлеует

• 45 медициналық ұйым, 24 405 медицина қызметкері

• 251 резидентуралық грант бөлінді

• 31 дәрігер шетелде біліктілігін  арттырды

• Жас мамандарға әлеуметтік және тұрғын үй қолдауы көрсетілуде

Инфрақұрылым

• Ауылдық жерлерде 55 МСАК нысаны пайдалануға берілді

• Қосымша 36 медициналық нысанның құрылысы аяқталды

• 4 ірі медициналық объектінің құрылысы жалғасуда

 

Материалдық-техникалық база

• 2 560 бірлік заманауи медициналық құрал-жабдық

• МРТ, КТ, УДЗ, маммограф, бейнеэндоскопия

• 60 реанимобиль, 2 неонаталды жедел жәрдем көлігі

• Мектептерге 20 стоматологиялық қондырғы, 348 дефибриллятор орнатылды

 

 2025 жылы атқарылған жұмыстар Түркістан облысында денсаулық сақтау саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, медициналық көмектің сапасын жаңа деңгейге көтерді.

Барлық жаңалықтар