Түркістан облысында жергілікті кәсіпкерді бопсалаған шымкенттік блогер ұсталды, деп хабарлайды DEMOCRAT.
Ол кәсіпкер туралы әлеуметтік желіде «масқара» ақпарат таратамын деп қорқытып, ірі көлемде ақша талап еткен. Блогер кезекті соманы алып жатқан сәтінде қылмыс үстінде қолға түсті.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар барысында күдікті кафелердің бірінде 6900 АҚШ долларын алып жатқан жерінен ұсталған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бұл оның алғашқы әрекеті емес. Бұған дейін ол кәсіпкерден дәл осындай қорқыту арқылы 2 мың доллар алып үлгерген. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.