Әлеуметтік желіде Түркістан облысында үш полиция қызметкері зорлық жасады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Orda.kz.-ке сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігі Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынының арызы бойынша жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісімен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
ІІМ-нің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев түсініктеме берді.
«Бұрынғы полиция қызметкерлерінің бұл іске ықтимал қатысы туралы ақпарат толық тексерілуде және сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оған құқықтық баға берілетін болады», — деді ол.