Түркістандық футбол жанкүйері бүгінгі өтетін тарихи футбол матчы үшін үйінің қақпасын "құрбандыққа шалды" деп жазады Democrat.kz.
Түркістан қаласының тұрғыны үйінің қақпасына "Қайрат" пен "Реалдың" эмблемаларының суреттерін салып, оны әрлеп, бояп көзге түсті.
Футбол жанкүйерінің бұл әрекеті жұртты сүйсінтті.
Суретте "Қайраттың" суретінің үстіне жұлдыздың, ал "Реалдың суретінің үстіне айдың суретін салған жанкүйердің өнеріне жұрт "Реалға исламды қабылдатып жіберіпті" деп пікір жазуда.