Әлеуметтік желіде Түркістан облысы, Жетісай ауданындағы бір мектептің видеосы жұртты шошытты деп жазады Democrat.kz.
Видео төрт күн бұрын ғана түсірілгенін айтқан автор бұл мектептің "Түркістан облысы, Жетісайдағы Қожанов атындағы мектеп" екенін айтады.
"Мектеп" деген аты болмаса, видеодағы ғимараттың ішкі көрінісіне қарап, кәдімгі түрме деуге болады. Қабырғаларын зең басқан, күрделі жөндеу көрмегеніне көп болған осы ғимаратта балалар оқып жатқанын ескерсек...
Видеоға қатысты жұрт "мектеп емес, түрме ғой мынау", "оңтүстікте осындай мектеп көп" дегенге саятын пікірлер жазуда.