Әлеуметтік желідегі парақшасында кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы әйелі Ляйсира Марат жеке басының қауіпсіздігіне қатысты жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
Өз жазбасында Ляйсира Марат өткен аптада жазған "Тұрсын Алагөзовтің 100 пәтер беруі - маркетинг" деген пікірі үшін парақшасына шабуыл үдегенін айтады.
"Сол жазбадан кейін жекеме де көптеп хаттар келуде. БАҚ, блогерлер сол жазбамды жалаулата жариялады. Мені қолдайтындар да аз болмады. Демек, менің шындығым нысанаға дөп тиді.
Алайда осы жазбадан соң парақшама фейк аккаунттардан шабуыл үдеді.
Мұнан бөлек, маған ол адам туралы айтпас бұрын денсаулығыңа, бас амандығыңа сақ бол дегенге саятын қорқыту-ескертпелері де келуде.
Егер маған бір жағдай бола қалса, кім кінәлі екенін сіздер білсін деп жазып отырмын" деп жазды Ляйсира Марат.
Фото көрнекілік үшін интернеттен.