Тұрсын мен Баян дүркіретіп той өткізді

Тұрсын мен Баян дүркіретіп той өткізді

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы мен кәсіпкер Тұрсын Алагөзов қыздары Алма мен Алисаның тұсаукесерін дүркіретіп өткізді деп жазады Democrat.kz.

Алма мен Алисаның тұсауын әпкелері Айсәуле Бақытбекқызы мен Аша Матай кесті. 

Алайда жұрттың назары тұсаукесерден бұрын ән салып, би билеген Тұрсын Алагөзовке түсті деуге болады. 

Сахнаға ән айтып, билеп шыққан Тұрсын Алагөзовтің әрекетіне сүйсініп жатқандармен қатар сынап жатқандар да бар. 

"Қылығы ерсілеу", "біртүрлі көрінеді екен","әнінің сөзін түк түсінбедік"деген сыңайда жұрт пікір жазуда.

 

Барлық жаңалықтар