Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің бірінші некедегі ұлы мен қызы біраз уақыт бойы әкелерімен араласпай, реніште жүрген еді. Бірер күн бұрын кәсіпкердің ұлы мен қызы әкесінің үйіне келіп, егіз бауырлары Алиса мен Алмамен танысып, табысып, әкесіне қайта оралған видеоларын жариялады деп жазады Democrat.kz.
Еске салып өтейік, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов танымал продюсер Баян Мақсаына үйленіп кеткен соң, бірінші некедегі ұлы мен қызы әкесіне ренжіп, көп уақыт араласпай кеткен болатын.
Таяуда кәсіпкердің ұлы мен қызы Алматыдағы үйіне арнайы келіп, егіз бауырлары Алма мен Алисамен танысып, табысты.
Бұл туралы Тұрсын Алагөзов пен Баян Алагөзова өз әлеуметтік желідегі парақшаларында бауырлардың кездескен сәтінен видеолар жариялап, қуанышымен бөлісті.
Кәсіпкердің ұлы мен қызының бұл әрекетіне бүкіл оқырмандары сүйсініп, "өте ақылды балалар екен", "бұл Баянның ақылының арқасында ғой", "Баян өте дана келіншек", "жарайсыңдар, ренішті ысырып, бауырды таңдапсыңдар" деген игі тілектерін жазуда.