"Тұрсынбек жылап хабарласты" деген Мөлдір көзіне жас алды

"Тұрсынбек жылап хабарласты" деген Мөлдір көзіне жас алды

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың экс әйелі Мөлдір Мұқанова кезекті сұхбатында ерекше оқиғасын айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Әнші Жанар Айжановаға берген сұхбатында Мөлдір: " Тұрсынбек бірден "Қабатов" болып, Жұлдыз болмады. Мен қарапайым ғана Тұрсынбекке күйеуге шықтым. Барлығын басынан бастап, екеулеп құрастырдық.

Мені Мөлдір еткен Тұрсынбек болса, Тұрсынбектің Тұрсынбек болуына менің де ықпалым болды деп сенімді айта аламын.

Тұрсынбек таяуда қажылыққа барды. Сол кезде Меккеден хабарласты. Телефонда Тұрсынбек жылап тұрды. Жылап хабарласты. "Мөлдір, "сені Алла сүйеді, халық сүйеді" деген сөзді қайдан білдің? Үнемі сол сөзді айтушы едік" деп жылады. Расымен де Тұрсынбек сахнаға шығуға жүрексініп тұрса, "қорықпа, сені Алла сүйеді, халық сені сүйеді" деп арқасынан қағып жіберетінін.

Сол сөзімді Меккеде есіне алыпты. Қажылықта уағыздардың бірінде пайғамбардың әйелі үнемі "Алла сені сүйеді, халық сені сүйеді" деп қолдау білдірген екен дегенді естіген Тұрсынбек мені еске алып, жылаған екен" деген Мөлдір көзіне жас алды.(Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар