Белгілі ақын, Ақтөбе облысының тумасы Ершат Қайболдин өзінің кезекті бір сұхбатында "жерлесім Тұрсынбек иттік жасады" деп мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.
Ақынның айтуынша, әзілкеш Тұрсынбек Қабатов "Қайырлы кеш!" бағдарламасының сахнасында өзін мазақ еткен.
"Қайырлы кеш" бағдарламасында үлкен сахнада өлең оқып тұрғанымда жанымда тұрған Тұрсынбек Қабатов әдепсіздік жасап, менімен аузын жыбырлатып, өлеңді мазақ етіп оқып тұрыпты.
Мұны мен кейін бағдарлама шыққанда көрдім. Тұрсынбектің бұл тірлігі жігіттікке де, мұсылмандыққа да жатпайды. Мысалы, Уәлибек ағамыз Заттыбекті сахнаға шығарып, бағын ашады.
Ал біз Тұрсынбек екеуіміз жерлеспіз, батыстанбыз ғой. Тұрсынбек те мені көтеріп, бағымды жағып жібере ме десем...Ғазизханның концертінен жылап қайттым", деді Ершат Қайболдин.