Белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазиннің тойын тізгіндеген Тұрсынбек Қабатов жеке өмірінен сыр шертіп қалды, деп жазды Democrat.kz.
Ақыннан жарының қасына барып өлең оқуын өтінген ол: «Жанына жақында. Өзіңдікі ғой. Біз ғой жақындай алмай жүрген», – деді. Тойда отырғандар бұл сөзге ду күліп өткенімен, желідегі жұрт əзілкешке тап берді. «Енде Мөлдірге жақындай алмай армандап жүрсің бе? Алтынның қадірін түбі түсінесің, өкініштен өртенесің. Əлі армандап, түсіңде көресің», «Біз емес, мен ғой десең жарасады», «Тұрсынбек, əлі де кеш емес, барсай», – деді көпшілік