Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан бөтен еркекпен түскен видеосын жариялады деп жазады Democrat.kz.
Видеода Мөлдір Мұқан бөтен ер адаммен бірге бақытты отбасының құпиясы туралы ой бөлісті.
«Сен үшін бақытты отбасы деген не?» - деп сұрайды бейтаныс ер адам.
Мөлдір маңайындағы қария ерлі-зайыптыларға көз жіберіп, былай деп жауап қайтарады:
«Мәңгілік және адал отбасы», - дейді Мөлдір Мұқан.
Видеоның соңғы жағында әлгі жігіт Мөлдірдің белінен құшақтап әрі қарай кетеді.
Мөлдір Мұқанның бұл видеосына қатысты оқырмандары пікірді қарша боратуда.
"Кеткен еркек оралмайды Мөлдір”, “Бақытты болуға лайықсың”, “Жарайсың, Мөлдір! Өзіміз адал болдық, аппақ болдық, бірақ соны көтере алмаған күйеуге не дей аламыз? Өзі адал жан ғана сатқындықты көтере де, кешіре де алмайды”, "Тұрсынбек опасыз емес", “Бұл да Қайраттың Жұлдызы құсап не боларын білмей жүрген әйел де. Ақша көк, тамақ тоқ, көйлек көк не әйтпесе бір тірлікті ұста да отыр сонымен, ырбаң ырбаң етіп анаған да мынаған жүгіріп өз қасиетін кетірмей", "Қайраттың қатыны екі қабат болып тынды, енді мынау шықты орнына ырбыңдап бір күні", "Мен Тұрсынбектің басқа біреуге қарапты дегеніне сенбеймін", - деп жазды оқырмандары.