Танынмал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен әйелі Мөлдір Мұқановаға қатысты "олар ажырасқан" дейтін қауесеттің тарағанына аз болмады. Алайда ел ішін кезген бұл сөз қаншалықты рас?
Естеріңізде болса, Мөлдірдің өзі әр сөзінде "отбасылық мәселені сөз етпесем" деп, бірақ елдің көкейіне күдік ұялататын сұраулы сөздерді жиі қолданды.
Ал Тұрсынбектің өзі концертінде "сіздер де ажырасқан, ажыраспағанымды сұрағыларыңыз келіп отыр ғой, иә?Қыздарым осында отыр, ештеңе айтпай-ақ қояйын"дегені бар.
Жұрт "ажырасыпты, Тұрсынбектің тоқалы пәленше екен" деп жүргенде, кеше Алматының қала күні мерекесіне Тұрсынбек пен Мөлдір қолтықтасып бірге келді.
Кәдімгі, ресми жұбайлар секілді екеуі қолтықтасып келді. Сол видеоны Тұрсынбек сторисінде бөлісті.
Демек, бұлар ажыраспаған. Ал егер ажыраспаса, онда екеуі екі жақтап неменеге "ажырасқан-ау" деп жұрт күмәнданатын сөздер айтты?
Хайп па? Әлде... Сіз қалай ойлайсыз?
