Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов кешелі бері тарап жатқан өзіне қатысты ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.
«Ассалаумағалейкум, достар! Армысыздар, ағайын! Кейбір сайттарда Тұрсынбек массажға барыпты деген жалған ақпарат тарап жатыр. Оған сенбеуді сұраймын.
Мен ешқайда бармадым, ешкімге ұсталмадым. Бәлкім, концертімнің алдында біреулер аяғымнан шалғысы келген шығар.
Бұл өтірік ақпарат, мен 15 күннен бері Алматы қаласындамын. Бір аптадай бағдарлама жүргіздім. Қала күні болды, екі күн соны жүргіздім.
Бүгін де Алматы қаласында бір іс-шарада жүрмін. Ешқандай Манхэттен деген жерді білмейді екенмін. Дәлелсіз, өтірік ақпарат таратып жатыр», - деді әзілкеш.