Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова түсініксіз мәлімдеме жасап, жұрттың сынына қалды деп жазады Democrat.kz.
Журналистің отбасылық проблемаларына қатысты сұрағына "мен ешкімге сұхбат бермеймін, сұхбат беріп жатқам жоқ. Сатам! ( деп орынсыз күлді) Тұрсекеңе қатысты сұрақты оның өзіне, көмекшісі бар, соларға қойыңыздар" деген Мөлдір Мұқанның әзілі орынсыз шыққан сияқты.
Мөлдір Мұқанованың бұл әзілі жұртқа жақпай қалғаны сондай "керек еді", "мынау стресстен ауру боп қалған ба?", "өтірік күле бермеші" деген пікір жазуда.