Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова оқырманымен жаңалығын бөлісті деп жазады Democrat.kz.
"Қайрат Нұртаспен дуэт жазуға дайындалып жатырмын… Иә, сенбей тұрмын. Өмірде түрлі рөлдерде болдым: ана, жар, кәсіпкер… Өнеріммен бөлісетін шақ туды. Сондықтан, сіздердің қолдауларыңыз мен үшін қымбат. Қайрат Нұртас пен Мөлдір Мұқан дуэті қалай болады деп ойлайсыздар? Қандай жанрда болсын деп қалайсыздар? Махаббат па? Әлде өмір туралы ма?
Жүректен шыққан әнді жүрекпен қабылдаңыздар. Күтесіздер ме?" – деп жазды Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында.
Жұрт "Тұрсынбекке эфирге шығуға, көшеге шығуға бет қалмаған шығар.Мөлдір ханымды қолдаймын.Жарайсың.Шет елдердің әншілерімен дуэт айту бұйырсын.Мөлдір адал болғасын күнде ЭФИРДЕ жүр., Мөлдірдің ЖҮРЕГІ нәзік.......Тұрсынбектің беті жоқ шығуға","Тұрсынбекке аналар, қыз атаулы жандар енды байкот жариялап концертне бармау керек. Өзім сыйламаймын осыдан кейін, мәә осындай келіншегін киын кезде жанында болған, алтындай балларын калай көзі киып кетеді. Азғыруға еру деген демде екенго. Тұрсынбек енды халықтың алдына шыкпайтын шығар уяты болса, не дейді швкканда да. "Қыпшақтың қызы, мықты жансың! Сынақ келсе, сынба!", "Тағдырларың ұқсас қой, өмір туралы дуэт болғаны дұрыс", "Жұлдызбен жазбадың ба?", "От болайын деп тұр екен ғой", "Асыға күтеміз!" деген пікірлер жазуда.