Белгілі журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында әзілкеш Тұрсынбектің бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанова дәл қазіргі отбасылық жағдайы туралы айтты деп жазады Democrat.kz.
"Көңілдесі бар. Пәтер, көлік, бриллиант, қымбат шуба қазір барлығы соның үстінде. Маған өте ауыр, мен өлемін деймін, секіріп кетуге дайын болғам.
Екеуі бірге шетелге барып келген, бұл тақырыптың басталғанына 14 жыл болды. Қазір балалар көп жылайды, сағынады. Суретке түссе, әкемізге жіберші дейді.
Әкесіне ол сурет қызық та емес, оған жібере де алмаймыз. Өйткені ол бәрімізді бұғаттап тастаған. Тұрсынбекпен өткізген әдемі сәттерді сағынамын.
Кездесейік деп жазамын, себебі оны сағынып тұрамын. Бірақ кешірім сұрап келген Тұрсынбек жоқ. Бір күні одан: не істейміз, ажырасамыз ба? деген хат келді", деп көзіне жас алды Мөлдір Мұқанова.