Бір айға жуық бүкіл Қазақстанды шулатқан "Тұрсынбектің тоқалы" тақырыбы қазір тоқтайтын түрі байқалмайды деп жазады Democrat.kz.
Тұрсынбектің бұрынғы әйелі Мөлдір "тоқалы бар" деп сұхбат берген соң, енді "Тұрсынбекті тартып аламын!"дейтін қыздар пайда болды.
ТикТок әлеуметтік желісінде бірнеше күннен бері бір бойжеткен "Тұрсынбекті тоқалынан тартып аламын! Тұрсынбектің болашақ әйелі мен боламын!" Деп жазып, сылаңдай билеп, видеоны бұрқыратып таратуда.
Бұл бейтаныс қыздың расымен де әзілкеш Тұрсынбекте ойы бар ма, әлде мазақ етуде ме, әлде тоқалдың мазасын қашыруда ма, әзірге белгісіз.
Десек те, оның бөліскен видеоларының астына жұрт "Қазақстанда Тұрсынбектен басқа еркек қалмады ма", "Тұрсынбек соғыстан аман оралған жалғыз солдат болды ғой тегі", "қызық енді басталатын сияқты ғой"деп пікір жазуда. (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)