Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова оқырмандарынан сүйінші сұрап, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Достар, мен кино түсірдім! Өмірімнің өтпелі кезіндегі көп шешімдерімнің бірі - осы туынды. Өтпелі кезеңдегі сезімдерімді көрсеттім. Кинодағы алғашқы дебютім. Қобалжып тұрмын! Қолдауларыңызды күтем!
Бұл фильмде мен бірнеше арманымды орындадым. Соның бірі - қазақтың ауылда, тым қарбайыр тіршілігін емес, керісінше эстетикаға толы, заманауи өмірді, сұлу Астанамызды көрсеттік.
Шын ғой, қазір көбі әдемі жарқыраған үйлерде өмір сүреді, әдемі ас ішеді. Қашанғы Түрік сериалдарындағы Босфорға, Корей киноларындағы әдемі қалаларға тамсана береміз?!)
Бұл кино тек менің өмірім жайлы емес, бәріміздің қазіргі өміріміз туралы! Достық, отбасы, ауызбіршілік сияқты құндылықтарымды көрсеткім келді.
20 қарашадан соң АРАМЫЗДА ЕШТЕҢЕ ҚАЛМАЙДЫ. Бәрі бәрін біледі!" Деп жазды Мөлдір Мұқанова.