"Тұрсынбектің әйелі зардап шегеді"деген танымал бақсы сұмдық дүниені жайып салды

"Тұрсынбектің әйелі зардап шегеді"деген танымал бақсы сұмдық дүниені жайып салды

Әлеуметтік желіде танымал емші, бақсы Руслан Ахметов белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен оның бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқановаға қатысты пікір білдіріп, жұрттың сынына қалды деп жазады Democrat.kz.

 Медиум, бақсы Руслан Ахметов қоғамда қызу талқыланып жатқан "Қабатовтың тоқалға кетуі" тақырыбына қатысты пікір білдіріп: "Адамның бойын байлап алатын бұл қорқыныш. Қорқыныш адамды жеңеді. Қабатов бауырымызға келсек, халықтың бірі оның өзін жақтаса бірі келінді жақтап жатыр.

Екі жаққа бөлініп, соғысып жатыр. Енді, сол Қабатовтың әйелі неге 15 жыл шыдады? 15 жылдың ішінде сезіп жүрді, бауырымыздың сыртта біреуі бар екенін. Сұрақ, сен неге 15 жыл бұрын неге айырылысып кетпедің?

Ол кезде жас едің, балаларың аз еді. Үстіне бала тауып, еркекті байлап алмақшы болды. Соның асты-үстіне түсіп, оған кім кінәлі?

Енді кеп, зар илеп, бүкіл халықты өзіне бұрып жатыр. Мені аяңдар, мені сүйтіңдер, мені бүйтіңдер деп. Өзің жасадың, өзің бардың - өзің көтересің.

 Іштегі шыныңды аша алмадың ба уақытында, соның зардабын шегесің әлі. Бәріне айтатыным, егер еркек пен әйелдің арасында шынайы қатынас болмаса, ол отбасының болашағы жоқ"деді. 

Бақсының бұл сөздері жұртқа ұнай қоймады. "Не айтқанын өзі де түсінбеді", "не деп далбасалап отыр", "өзің де сөзің де ұсқынсыз екен", "оттапсың" дегенге саятын пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар