"Тұрсынбектің экс әйелінің айтқандары жала және жалған" деді қоғам белсендісі

"Тұрсынбектің экс әйелінің айтқандары жала және жалған" деді қоғам белсендісі
Қоғам белсендісі Бекболат Қаржан әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйеліне қатысты өз пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.
 
"Тұрсынбектің бәйбішесінің жағдайы комфорт. Миллионер сіңір  Сәбит досымды он орайды. Мені отыз орайды. Тұрсынбек барлық жағдайын жасаған.
 
Түк жасамай, бала шағаларын қараусыз тастап кетсе, мынау қатын Қазақияны төңкерер еді. Мұнікі тойып секірген, кешегі Бақыт Беделхан айтқан «құтырған қатынның» тірлігі. Қазіргі әрекетіне қарап мынадай ой түюге болады:
 
Бұл әйел Тұрсынбектің жеке ісіне әбден араласып, басына бостандық бермей, өзі де Тұрсынбекке жармасып, таланты болмаса да өнерге араласып, жеке карьерасына зиян келтіріп, әбден мезі қылған.
 
Кешегі киносына барғандар текке уақыты кеткенін айтуда.
 
Әйтпесе, ақыл-есі сау, ағыл-тегіл ақша тауып, елді күлкіге қарық қылған жігіттің бұлай кетуі мүмкін емес. Жақсы әйелден ер адам ешқашан кетпейді.
 
Оның үстіне бала шағаларын тастамай, барынша көмек беріп тұрады екен. Тұрсынбек бала шағаларын тастап кетті деген жалған сөз. Жала.
 
Ер адамдарды жерге тығуға келгенде алдына жан салмай, бәйге алуды тоқтатар түрі жоқ. Кәдімгі, үлкен соғыс. Тұрсынбек жайында жазсам, көптеген ер азаматтар «ер азаматтар айта алмайды, намыстанады» деп жатыр.
 
Рас, ер азаматтар айтпады. Тұрсынбек те айтпайды. Ер азаматтарды жүндей түтіп, түкке алғысыз ету үрдіске айналды. Осы жаппай түтіп жеуден соң ер азаматтар қайдан оңсын!?
 
Ал, ер азаматтар айта алмай отырғанды мен айттым. Түтіңдер. Кез келген нәрсенің бағасы мен құны болады. Сол құнды әбден түсірді.
 
Ертең бір соғыс болса, осы құнсыз, бағасыз ер азаматтардың 95 пайызы «құтырған қатындарды» қорғап соғысады. 95 пайызы солар үшін өледі.
Шли артық кетудің де соңы апатқа апарады. Әр нәрсенің орны бар"деп жазды Бекболат Қаржан. 
Барлық жаңалықтар