Әлеуметтік желіде видео жариялаған келіншек қазақ жігіттеріне үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
"Бүкіл ақпаратта Тұрсынбек Қабатовтың жас қызға кетіп, әйелін тастап кеткені туралы ақпарат шықты. Алғаш көргенімде, өте жаман күйге түстім.
Басқа емес, Тұрсынбектен мұндайды күтпеп едім. Менің ең жақсы көретін әртісімнің бірі еді. Мөлдірдің де "Тұрсынбектің анасындай болдым. Бар жағдайын жасадым" деген видеосын көріп, тіпті жаман болдым.
Сол ақпараттар қатты әсер еткені сонша, бүкіл еркекті жек көріп кеттім. Үйдегі ұлдарым мен күйеуіме ренжіп, "мен сендерге жүрген біреу емеспін" деп, Тұрсынбектің кесірінен күйеуіме кафеге апармағаны, гүл сыйламағаны есіме түсіп біраз ашуландым" деген келіншек еркектерге деген сенім туралы пікірін айтты.