Діни уағыз айтудың "шебері", әйел уағызшы Әсем пайғамбарға қатысты бір оқиға туралы айтып, өзінше пәтуа беріп тастады деп жазады Democrat.kz.
"Біздің медреседе оқитын бір қыз "түсімде пайғамбарды (с.ғ.с) көрдім. Бүрісіп, қатты ауырып жатыр екен. Түсімде пайғамбардың қатты ауырғанын сезінгенім сонша, қасына барып "Аллахтың елшісі, неге қатты бұлай ауырып жатырсыз?" деп сұрадым. Сонда пайғамбар (с.ғ.с) "үмбетімнің бірі күнә жасаса, осылай ауырам" депті. Сол сәтте жүрегім езіліп кете жаздады деді сол қыз. Бұл түс хадиспен ұқсас келіп тұр ғой, пайғамбардың өзі біздің жасаған күнәміз үшін ауырады екен" - дейді Әсем уағызшы.