"Тұтас ұлтты қорлау": Заңгер М.Шахановты "шарлатан" деген адамды жауапқа тартуды талап етті

"Тұтас ұлтты қорлау": Заңгер М.Шахановты "шарлатан" деген адамды жауапқа тартуды талап етті

Танымал заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желіде ақын, халық жазушысы марқұм Мұхтар Шаханов туралы ауыр пікір айтқан блогерді жауапқа тартуды талап етпек, деп хабарлайды Democrat.kz.

Шекеевтің айтуынша,ол бір ғана адамды емес, тұтас бір ұлтты қорлап тұр.

Еске салып өтейік, әлеуметтік желіде «Мамбетадор» атты пайдаланушы Розыбакиев көшесінің атауын Мұхтар Шахановтың құрметіне өзгертуге қарсы пікірін бейәдеп сөздермен білдіргенін жазған едік.

Ол марқұм Шахановты «ревизионист» деп атап, Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды «бандиттер» деді. 

«Желтоқсан бүлікшілерін ақтаған «біреудің» атына ауыстыру орынсыз. Тіпті оның «атын атаудың өзі жағымсыз» – деген пікір білдірген.

 

Барлық жаңалықтар