Уағызшы Нұржан Смағұловты "мракобес" деген өзге тілді қауым билікке үндеу жасауда

Уағызшы Нұржан Смағұловты "мракобес" деген өзге тілді қауым билікке үндеу жасауда

Алматыдағы "Нұр Мүбәрак" университетіндегі кезекті бір дәрісінде "педофил  Алланың бар екеніне дәлел" деген сұмдық сөзді айтқан уағызшы Нұржан Смағұловты әлеуметтік желіде өзге тілді қауым "талап" жатыр деп жазады Democrat.kz.

Ислам дінінің өкілі, діндар, "ұстаз" саналатын Нұржан Смағұловтың педофилизмге қатысты айтқан сөздері видеоға түсіп қалған. 

Соған қарамастан, уағызшы бұл сөздің тонын теріс айналдырып, тігісін жатқызбақ болып кеше жанталасқаны мәлім. 

Айтқан сөзін мойындағысы келмеген уағызшыны қазақтілді емес, орыстілді қауым әлеуметтік желіде "сөзбен сойып" жатыр. 

Өзге тілді қауымның діндар айтқан сөзге шүйлігуі де басқашалау екен. Бірден құзырлы органдар мен заңға жүгініп, кәдімгідей үндеу жасауда. 

 

Барлық жаңалықтар