Бірнеше күннен бері дін уағызшысы Нұрсұлтан Рысмағамбетұлының жол апатына түскеніне қатысты қоғамда қызу пікірталас болып жатыр деп жазады Democrat.kz.
Осы оқиғаға қатысты қоғам белсендісі Төртуыл Шоқан жазба жариялап, "ақшаны садақаға емес, медицинаға беру керегін" айтып, оның себебін де түсіндірді.
"Араб дінінің уағызшысы, пайғамбартанушы Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы жол апатына түсіп, жанұясымен бірге ауруханаға жеткізілген.
Қазіргі жағдайы жақсы.
Адасып жүрсе де, қазақтың бір баласы ғой, аман болсын!
Менің бұл постты жазу себебім—сіздерге дұға атулының ешбірінде тылсымның жоқтығын түсіндіру.
Дұға (тілек) — "қабыл болсыншы" деген ишара, "сөзсіз қабыл болады" дегенді білдірмейді.
Діншілдер мен бұларға ергендердің басына іс түскен сәтте өздері харам санайтын, жаратушы ілімін жоққа шығаратын, ғылыми негізде құрылған сауықтыру тәсіліне жүгінетіні, "тағдырды өзгертуге тырысатын" кәпір дәрігерден жәрдем сұрайтынына көздерің осы жолы жетті ме?
"Садақа мен пітірді молдаға емес, дәрігерге беру керек екен" деген ой келмеді ме?
"Қабірде сенен дәрігер болдың ба, қанша адамды құтқардың деп сұрамайды.. " деп жүрген имамдар "кө...е қысым келсе" аурухана жағалайды, Аллаһтан шифа тілеп үйінде жатпайды.
Нұрсұлтанның да "Ауруханаға бармаймын, Аллаһ құтқарады.. " деп сол оқиға орнында жата бермегені—құдайдың барына сенімінің жоғы.
Қазақтың "бір жаратушыға" деген сенімін араб діні "материализовать ету" арқылы узурпация жасады, дұғаның қабыл болатын уақыт "календарын" бекітті.
"Беруі мүмкін" деп жасаған қазақтың тілегін, "түннің үшінші бөлігінде жасалған дұға сөзсіз орындалады"-ға өзгертті.
Өмірдегі жетістік тура спорттағы сияқты, жеңіс кепілдігі 99% -ы еңбек пен 1% - дық ұтымды жоспардан тұрады, керісінше емес.
" Тіліңмен Аллаһты мадақтасаң, бүкіл денең кайфта өмір сүреді" деу саясатта болмаса, дінде жүрмейді" деп жазды Төртуыл ШОҚАН.