"Шаншар" театрының бас директоры Уәлибек Әбдірайымов кезекті бір концертінде әзілкеш Тұрсынбек Қабатов туралы айтып, жұртты күлкіге қарық қылды деп жазады Democrat.kz.
Уәлибек Әбдірайымовтың сөзіне қарасақ, концертіне онақ ретінде шақырылған әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың не себепті келмегенін айтқысы келген сияқты.
"Мөлдірді білетін шығарсыздар? Бірақ Айман деген де бар...Сіздерден қатты ұят болып тұр. Екі күн болды...
Тұрсынбекті таппай жатырмыз.Негізі күлетін нәрсе емес. Байың жоқ болып кетсе, күлетін нәрсе ме?
Басына ота жасатқан. Іздейтін жерді іздейін десем, ол жақты іздеудің керегі жоқ екен. Содан екі күннен бері жоқ адамды табу мүмкін емесін айтқымыз келеді. Тұрсынбекті өз әйелі таппай отырғанда, мен қайдан табайын?
Өмірде тірі болатын болса...білмеймін енді қайдан табарымызды. Бүгін сөйтіп концертке келмеді", дейді Уәлибек Әбдірайымов.
Жұрт бұл видеоға түрлі пікір жазуда. "Тұрсынбектің қатындарында не жұмыстарың бар", "алса алсын тоқал", "концертке келмегені ұят бопты", "Уәкең әзілмен өлтірді" дегенге саятын пікір жазуда.