Таяуда ғана әкесі мен шешесінің мерейтойын дүркіретіп өткізген танымал спортшы Елдос Сметов парақшасында той видеоларын жариялап, жұрттың сынына қалды деп жазады Democrat.kz.
Ата анасының мерейтойын думандатып өткізген спортшы Елдос Сметов сахна төріне шығып, әнші,тмаданың қасында билеп тұрған видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Әншінің жанында тұрған Елдос Сметов әлде қатты шаршаған ба, әлде басқалай ма, біртүрлі әрекет етіп тұрғанын байқауға болады.
Содан болса керек, жұрт ә дегеннен "удай мас", "ішіп алған ба", "бұлар ішіп, билей ме" деген сияқты пікірлер жазуда.
Әйтсе де, көпшілік спортшының ішпейтінін айтып, қарсы пікір жазуда. Мұнан бөлек, Елдос Сметовтің оқырмандары тойға құтты болсын айтуда.


