"Шымкент шоу" театрының әртісі, "Күлпаш" телесериалындағы "Кәтәлөк" рөліндегі актриса Қарлығаш Ахметованың әлеуметтік желіде тараған видеосы жұртты шошытты деп жазады Democrat.kz.
ТикТок желісінде тараған видеода Қарлығаш Ахметованың удай мас халде балаларына жекіп, ұрсып отырғанын көруге болады.
"Әкелерің сияқты өмірімнен жоқ боп кетсеңдер риза болар едім. Тұр! Ішетін бірдеңе алып кел!"дейді Қарлығаш Ахметова сол видеода.
Қысқа ғана видеоны көрген жұрт алғашында түкке түсінбей, "Кәтәлөкке не болған", "масқара!", "түрі не боп кеткен" десіп, жаға ұстады.
Кейінірек белгілі болғанындай, бұл видео фильмнің кесінді видеосы екен. Жай ғана кино екенін білген жұрт "бәсе, адамды сонша қорқытып" десуде.