«Үй сатамыз» деп шақырып, 13 млн теңгесін қарумен тартып алған

«Үй сатамыз» деп шақырып, 13 млн теңгесін қарумен тартып алған

Таразда жылжымайтын мүлік сатып алуға келген адамдарды жалған мекенжайға шақырып, қарумен қорқытып 13 млн теңгесін алып кеткен үш ер адамға үкім шықты. Олар 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп жазады Democrat.kz.

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты үш адамға қатысты қарақшылық ісін қарады.

Сот материалдары бойынша айыпталушылар алдын ала келісіп, жәбірленушілерді жылжымайтын мүлік сатып алу сылтауымен белгіленген мекенжайға шақырған.

Олар сатып алушылардың өздерімен бірге ірі көлемде ақша әкелетінін білген.

Кездесу кезінде қару қолданылып, жәбірленушілерге күш көрсетілген. Жалпы 13 млн теңге тартып алынған.

Сот ісінде заңсыз қару сақтау және алып жүру эпизоды да қаралды.

Үш сотталушыға қылмыстағы рөліне қарай 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Барлық жаңалықтар