"Ұялғым да келмейді" деген коуч жан сырын ақтарды

"Ұялғым да келмейді" деген коуч жан сырын ақтарды

Танымал психолог, коуч Роза Әшірбаева бала тәрбиесіне қатысты ойымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

"Бала кезімнен үй жинамай кітап оқыыып жататыным үшін шешемнен таяқ жейтінмін. Қанша ұрсып, ұрса да “жұрттың қыздарына” ұқсай алмадым.Есейдім, жар, келін, ана болдым. Бірақ сол күйі өздігімнен үйді жылтыратып жинап үйренбедім.

Ұялғаннан жинап жүрдім.Жасым 41-ге келді. Ендігісі ұялғым да келмейді. Үйдің шаңын көмекшім сүртпесе маған кедергісі жоқ. Жатып кітап оқысам болды.Түйін: ұрып-ұрсып балаға ештеңе үйрете алмайсың"деп жазды коуч.

Барлық жаңалықтар