Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің әйелі Динара нарықта өз атын иеленген шәйдің шығымын көрсетемін деп, жұрттан сөз естіді, деп жазды Democrat.kz.
Бір шара шәй дайындаған әншінің әйелі мәселе дұрыс қайната білуде екенін жеткізіп, арасында өзі білетін тиімді тәсілін де бөлісті.
Бірақ желідегі жұрт оның шәйінің шығымынан бұрын дәміне шүйлікті.
«Қышқыл, тамақты қырады. Классикасымен бірге де алып көрдік. Қонақтарға құйып ұятқа қалдық. Қазір бәріне «алмаңдар» деп айтып жүрмін енді», «Жақсы дегенге алғанмын, нашар. Көкшіл, қымбат тағы», «Динара» шәйін алдық. Дым шығымы жоқ», – деді желідегі тұтынушылар. (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайтты заңды жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)